"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. 18 қыркүйек күні Астанада топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Абай облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде өңірдің батысы мен орталығында 3 градус үсік болады. Солтүстік-батыста, солтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі болжанады. Түнде Ақмола облысының орталығы мен шығысында 2 градус үсік сақталады. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман болады. Түнде солтүстік-батыста, шығыста 2 градус үсік күтіледі Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында түнде және таңертең найзағай болжанады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Өңір орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке артады. Түркістан облысының солтүстігінде 18-19 қыркүйекте шаңды дауыл болжанады. 18 қыркүйек күні күндіз таулы аумақтарда, 19-20 қыркүйекте өңірдің солтүстігі мен таулы аумақтарында желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.