Тапа-тал түсте дәріхананы тонап кетті (видео)
Тапа-тал түсте дәріхананы тонап кетті (видео)
Рудныйда полицейлер тонау дерегін ашты. Күдікті дәріханадан 60 мың теңге ұрлап кеткен. Қылмысты сонда орнатылған бейнебақылау камерасы тіркеді. Бұл туралы POLISIA.KZ Телеграм-арнасы мәлімдеді. 17 қыркүйек күні жас жігіт дәріханаға келіп, рецептсіз берілмейтін дәрі-дәрмекті сатуды сұраған. Сатушы оған бұл препаратты сата алмайтындығын түсіндіріп, орнына басқасын алуды ұсынады. Әйел таблетка іздеп, басқа бөлмеге кеткенде жігіт әйнекті сындырып, сөреден секіріп, ақшаны алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Бұл өрескел тонауды ашуға полицияның барлық жасақтары бағытталды. Бағдар жергілікті БАҚ арқылы қала тұрғындарына хабарланды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті Рудный қаласындағы жалдамалы пәтерде ұсталды. Пәтерді тексеру кезінде заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.