Тайваньда күшті жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар (видео)
Тайваньда күшті жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар (видео)
568
оқылды
Тайваньда күшті жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар, – деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметі. Ондағы мәліметтерге қарағанда, магнитудасы 7,2 болатын жерасты дүмпулері UTC 6:44-те тіркелген. Қытайлық сейсмологтар апаттың магнитудасы 6,9 балл деп бағалап отыр, жер сілкінісінің ошағы аралдың шығыс жағалауындағы Хуалиен уезінде, он шақырым тереңдікте болған. Әзірге құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ, бірақ Қытай ақпарат құралдары Юли қаласында ғимараттың опырылғанын жазады. Қытайдың орталық телеарнасы да вокзалдардың бірінде пойыздың теңселіп жатқанын көрсететін видео жариялады.