«Жастар рухы» Головкиннің жекпе-жегінен 10 мың адамға арнап көпшілік көрсетілім ұйымдастырды
«Жастар рухы» Головкиннің жекпе-жегінен 10 мың адамға арнап көпшілік көрсетілім ұйымдастырды
248
оқылды
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері барлық аймақта қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің көпшілік көрсетілімін ұйымдастырды. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, кездесу нәтижесіне қарамастан, GGG әрқашан халық чемпионы болып қала береді.
«Жүздеген мың жанкүйер бұл жекпе-жекті асыға күтті. Барлық облыс орталықтарында жекпе-жекті тамашалауға болатын қоғамдық алаңдар ұйымдастырдық. Таңсәріде басталған тартысты кездесуді тамашалуға 10 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында тек жастар ғана емес, зейнеткерлер, балаларын жетелей келген отбасылар да болды. Геннадий Головкин қолдауымызды сезінді деп үміттенемін. Барлығы оның асқақ айбынын, чемпиондық рухын байқады. Мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға ерекше ықпал етеді. Геннадий Головкин – үлгі тұтарлық тұлға», – деді ол.
 width= Атап айтқанда, елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығының жанындағы алаңға 5 мыңға жуық бокс жанкүйері жиналды. Жекпе-жек көрсетілімін күту кезінде көрермендерге ыстық сусындар ұсынылды. Осы күні Геннадий Головкинге қолдау білдіру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. 10-нан астам автокөліктен тұратын керуен Қазақстанның және «Жастар рухының» туын желбіретіп, елорданың басты көшелерімен жүріп өтті.  width=  width=  width=  width=  width=  width=