Қарағанды облысында жол апатынан әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан облыстық полиция департаменті округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақой – Бұрма тасжолында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Кейін автокөлік өртенген. Автомобильдің 36 жастағы жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық полиция департаменті округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған. Төрт баласы бар. Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Данияр Тұрбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.