Атырауда көпірден секірген ер адамды құтқару сәтінің видеосы пайда болды
Атырауда көпірден секірген ер адамды құтқару сәтінің видеосы пайда болды
643
оқылды
Атырау полицейлері көпірден Жайыққа секірген ер адамды құтқарды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 18 қыркүйекте тіркелген.
«Бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында Атырау қаласындағы орталық көпірдің үстінен белгісіз ер адам Жайық өзеніне секірген. Мұны байқап қалған қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев пен полиция аға лейтенанты Меллат Әбужанов жедел құтқаруға ұмтылған. Санаулы уақытта көмек бермесе, суға секірген адамды құтқару мүмкін емес. Полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев құтқару жилетін киіп, суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін жағаға шығару үшін әріптесі, полиция аға лейтенанты Меллат Әбужанов көмек берген. Тәртіп сақшылары судан шығарылған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.