Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимараттарында республиканың Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық мерекелері өткізілмейді, көңіл көтеретін теле-радиобағдарламалар көрсетілмейді.