Головкин «Канеломен» үшінші айқасы үшін қанша гонорар алады?
Головкин «Канеломен» үшінші айқасы үшін қанша гонорар алады?
1,948
оқылды
Геннадий Головкин Мексика өкілі Сауль «Канело» Альвареспен өткізген үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Астана уақытымен бүгін таңертең Головкин Лас-Вегас қаласында (АҚШ) төрешілердің бірауызды шешімімен Альварестен жеңіліс тапты. Боксшылар «Канелоға» тиесілі WBO, WBA, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін таласқан болатын. Sportskeeda веб-сайты Boxing Scene-қа сілтеме жасап хабарлағандай, мексика боксшысына үшінші айқас үшін кепілді түрде 45 млн доллар уәде етілген. Ал Геннадий Головкиннің кепілді гонорары 20 млн долларды құрайды. Бұдан бөлек, екі боксшы да «pay-per-view» ақылы көрсетілімнен түскен табыстың бір бөлігін алады.