Шығыс Қазақстанда көліктік бақылау инспекциясы басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді
Шығыс Қазақстанда көліктік бақылау инспекциясы басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді
Фото: almaty-cgkb.kz
Шығыс Қазақстан облысында «Көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді. Бұл туралы ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. Ол қызметін пайдалана отырып, 2021-2022 жылдары аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. Сондықтан бюджетке 65,5 млн теңге сомасында қаржы түспеген. 17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге болмайды.