Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі 75 шығарманы орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.
[caption id="attachment_21840" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.
[caption id="attachment_21842" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Біз тамаша күннің куәгері болып отырмыз. Бүгін 75 күй үздіксіз орындалады. Шыны керек, дайындық небәрі 15 күнде өтті. Сол күн ішінде қыз-жігіттер күні-түні ұйықтамай, барын салып дайындалды.
[caption id="attachment_21844" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Ансамбльдің құрамында 20 шақты өнерпаз бар. Олардың әрбірі бірнеше аспапты меңгерген.
Оның ішінде қазақтың халық аспаптары: қобыз, қылқобыз, домбыра,сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, толқылдақ және т.б. Оларға сәттілік тілейміз, – деді Ерлан Дәкенов.
[caption id="attachment_21846" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері – Шолпан Қорғанбек.
[caption id="attachment_21847" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Шығармашылық ұжым «Ғасырлар үні» ІІ өңіраралық фольклорлық-этнографиялық фестивалінде, «Шабыт» XX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде, «Көне тараз күмбірі» І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер фестивалінде жүлделі орындарды иеленді.
– Қазір күй арасында үзіліс болуына рұқсат беріп тұрмыз. Онда да бәрі бір мезетте тоқтауы керек.
[caption id="attachment_21849" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Әрбір шығарма әртүрлі нота деңгейінде орындалуына байланысты әр аспапты реттеуге 45 секунд берілді.
Тәртіп бойынша барлық ереже сақталса, сертификат бірден беріледі, – дейді Құдайберген Қуандық Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі.
[caption id="attachment_21851" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Оның мәлімдеуінше, бұл сайысты сынау үшін шетелдік әріптестерден екі адам ұшып келген.
[caption id="attachment_21852" align="alignnone" > Фото: Назгүл Ержанқызы[/caption]
«Біз бұл жерде тек рекорд емес, ерекше құбылыс жасаған дүниені көрсетеміз», – дейді.
[caption id="attachment_21854" align="alignnone" > Фото: Назгүл Ержанқызы[/caption]
Бұл кеште non-stop режимінде музыкалық шығармалардың Қазақстанда алғаш орындалуы екен.
Орындалған 75 күйдің ішінде Қорқыттың "Қорқыт сарыны" мен "Қоңыры", Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисасы", Қазанғап Тілепбергенұлының "Ақ желең" мен "Торы жорғасы", Құрманғазының "Адай" күйілері ойналды.
[caption id="attachment_21856" align="alignnone" > фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
Күмбірлеген күйді естігін ел арасындағы қыздар билей бастады.
[caption id="attachment_21963" align="alignnone" > Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]