Министр дәрігер ретіндегі алғашқы қателігі туралы айтты

Министр
Фото: turantimes.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілер сауалына жауап беріп, дәрігер ретінде бала емдеудегі алғашқы қателігі туралы айтты.

«Алғаш жіберген медициналық қателігім жақсы есімде қалыпты. Алғаш дәрігер болғанымда баланы ішек инфекциясымен емдеп, температурасын түсіріп, жағдайын қалпына келтірдім. Үшінші күні температура қайтадан күрт көтеріліп, бала бозара бастайды. Содан кейін басқа әріптестерімді шақырып, бәріміз бірге қарадық. Мен сол кезде балада ішек инфекциясы емес пневмония екенін білдім. Бала, әрине, аман қалды. Бірақ ол сауыққанға дейін реанимация бөлімінен шықпадым», – деді Ажар Ғиният.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.