Желіде оқымай-ақ диплом алған 58 оқытушының тізімі жарияланды

Желіде оқымай-ақ диплом алған 58 оқытушының тізімі жарияланды

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында философия докторы PhD дәрежесін оқымай-ақ алған 58 оқытушының тізімін жариялады. Журналист жалған диплом туралы мақаласынан кейін оқырмандары олардың аты-жөндерін жариялауды сұрағанын айтады.
Менде бұл адамдардың аты-жөндері жазылған тізім бар. Көбі ЖОО оқытушылары, мемлекеттік университеттерде жұмыс істейді. Егер тізімнен өзіңіз танитын адамды тапсаңыз, сәлем айтыңыз, – деп жазды Михаил Козачков.
Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом алған оқытушыларға  қатысты пікір білдірді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 58 PhD докторы дипломын беруде заңбұзушылықтарды анықтады. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, дипломдар ведомствоға кері қайтарылды. Министрдің тапсырмасымен барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Ведомство бұл оқытушылардың тізімі мен тергеудің жай-жапсары тергеу мүддесіне орай жарияланбайтынын хабарлады.