Тарихи нәтиже! Қазақстандық команда қарсыласын 32:0 есебімен жеңді
Тарихи нәтиже! Қазақстандық команда қарсыласын 32:0 есебімен жеңді
©nstagram.com/fcokzhetpes
312
оқылды
Көкшетаулық "Оқжетпестің" әйелдер командасы өз тарихында ең ірі жетістікке қол жеткізді. Қазақстан чемпионатында бұл команда қызылордалық "Қайсар" командасын ірі есеппен жеңді, - деп жазады Vesti.kz Тарихи нәтижелі 13 турда Көкшетау қаласында өткен ойында тіркелді. Алаң қожайындары бұл ойында 32:0 есебімен жеңіске жетті. 17 голды "Оқжетпес" ойынның бірінші таймында соқты. Бұл жеңістен кейін көкшетаулық команда турнир кестесінде үшінші орынға жайғасса, "Қайсар" алтыншы орынды. "Оқжетпес" келесі кездесуін 8 қазан күні "БИІК-Шымкент" командасына қарсы өткізеді. Ал "Қайсар" өз алаңында елордалық "Жас-Сұңқармен" ойнайды.