Президент АҚШ компаниясымен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Президент АҚШ компаниясымен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
273
оқылды
Мемлекет басшысы Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездесті, – деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Grupo Los Grobo – жылдық табысы 1 миллиард доллардан асатын Латын Америкасындағы астық және соя өндіретін ірі компания.