Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
1,081
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус суық болады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді. Қарағандыда түнде 2 градус суық болады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді. Түнде Абай облысының батысында 2 градус суық болады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының орталығында және Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.