ШҚО-да 1 апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
ШҚО-да 1 апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
239
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі 8 күннен кейін өзеннен табылды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы ер адам 10 қыркүйек күні Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында досының үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Туыстары хабар берген соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де тартылған. Алайда оны бірден табы мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.
18 қыркүйекте жергілікті ауыл тұрғындарының бірі Таловка өзенінен жоғалған адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Бірқатар сараптама тағайындалды. Өлім себебі соның нәтижелерінен кейін анықталмақ.