Асхат Оралов «Qazaqstan Dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызымен жүздесті
Асхат Оралов «Qazaqstan Dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызымен жүздесті
361
оқылды
Биыл халықаралық «Qazaqstan Dauiri» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 30 жыл, ал «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының ірге қалағанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов медиа ұжымдарына шығармашылық табыс тіледі.
"Бүгін осынау қос қуаныштың қарсаңында халықаралық «Qazaqstan Dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызымен жүздесіп, ыстық ықыласымды білдірдім. Әсерлі әңгіме өрбіді. Медиа-менеджер, бас директор ретінде Сәуле Мешітбайқызының есімі отандық ақпарат саласының өкілдеріне, көзіқарақты оқырманға кеңінен таныс. Көргені көп, түйгені мол тұғырлы тұлға пайымды пікірін білдіріп, орамды ойын ортаға салды. Ұлттық баспасөзде өзіндік орны бар, дара қолтаңбасы қалыптасқан Сәуле Мешітбайқызының ісіне береке, басқарып отырған медиа ұжымдарына шығармашылық табыс тілеймін!", – деді Асхат Оралов әлуметтік желі парақшасында.