Тойымсыз полковниктің ақыры...
Тойымсыз полковниктің ақыры...
549
оқылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті поли­ция қызметінің бұрынғы бас­шысы Мұхтар Бұхарбаевқа қа­тысты сот отырысы өтті. По­­ли­ция полковнигі 1 жыл 11 ай­дың ішінде қарамағындағы қызметкеріне 3 миллион 194 мың теңге мүліктік залал кел­тірген. Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байа­рыстан дәлелденген дерек­терді оқып бергенде, қатысу­шылардың барлығы да таңда­нысын жасыра алмады. Жә­бірленушінің, яғни жергі­лікті полиция басқармасы қыз­мет­керінің басшысына қымбат сатып алудың 12 фактісі сотта дәлелденді. Естеріңізге сала кетейік, жыл басында әлеуметтік желіде өзін Шымкент полициясында рота ко­мандирі, офицер деп таныстырған жігіттің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлынан араша сұраған бейнежазбасы жа­рияланғаны туралы жазғанбыз. Ол Ішкі істер министрлігі Шымкент Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен шағым түсірсе де, полковниктің орнында отырғанын айтып, араша сұраған. «М.Бұхарбаев өз қызметін пайдаланып мені өзіне қымбат заттар алып беруіме мәж­бүрледі. Тергеуге бірнеше дәлелде­мені ұсынсам да, Бұхарбаев әлі күнге дейін өзінің жұмысын жалғас­тырып келеді. Мұны қалай түсінуге болады? Ол әлі күнге дейін өзінің қитұрқы әрекеттерін жалғастыруда. Жазған шағым хатымды қайтарып алуым үшін белгісіз біреулер арқылы 10 миллион теңге ұсынды. Бірақ мен адал полицей ретінде ондай ақшаны алмаймын. Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов неге оны осы уақытқа дейін ұстап отыр? Президент мырза, мен полицейлердің барлығы да адал болғанын қалаймын. Ел тыныштығы үшін адал қызмет атқарамын» деп атап өткен бейне­жазбада. Пікір білдірушілер бұл жі­гіттің Бұхарбаевтың қарамағында қызмет атқаратын Азамат есімді офи­цер екенін айтқан. Сонымен бір­ге ол Facebook әлеуметтік желісінде скринделген бірнеше дәлелдеме жариялаған. Онда полковник өзінің қызметін асыра пайдаланып, қыз­меткерлері арқылы үйіне бағалы жиһаздар, шыршалар, ұшақ билеттері мен иіссулар, құлаққап алдырған. Тіпті, біреулердің нөмірін қалдырып, оның есепшотына ақша аудару жө­нінде де тапсырмалар берілген. Скриннен байқағанымыздай, пол­ковник Мұхтар Қыдырәліұлы 2019 жылдан бері қызметкерін мәжбүрлі түрде қанап отырғанға ұқсайды. 2019 жылдың 12 қазанында уатсап арқылы өзінің жеке төлқұжатын жіберіп, Ас­танаға ұшаққа билет алдырудан бас­таған. Одан ары қарай тұрмыстық қа­жеттілік заттарымен жалғаса берген. [caption id="attachment_218466" align="aligncenter" width="1377"]тойымсыз полковник © коллаж: Елдар Қаба[/caption] Міне, жуырда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты осы іске нүкте қойды. Дәлелденген 12 дерек­тің ішінде полиция полковнигінің қара­мағындағы қызметкеріне дүкен­нен 1 млн 100 мың теңгеге жиһаз са­тып алуды талап еткені де бар. Со­ны­мен бірге әлгі қызметкер басшысына 320 мың теңгеге iPhone сатып алған. Ол 588 мың теңгеге қымбат дүкеннен белгілі фирманың киімін сатып ал­ған. Ол жүргізушімен және зардап шеккен Айымбетовпен бірге дүкенге барып, оны сол жерде киіп көріп, кигізгенін сатушылар да растаған. Олар сотта жасы үлкені күртешені өлшеп, екіншісінің төлегенін айтты. Зардап шеккен полиция инспекторы сатып алған ақшаны төлеген. Дәлел ретінде сатушылардың айғақтары мен тауардың шот-фактуралары іске қоса тіркелген. Сондай-ақ жәбірленушіге ірі көлемде қарыз берген куәгерлердің де жауабы алынған.
Бұдан бөлек, сотта прокурор Мұ­за­ффар Мүтәліпов айыптау анық­тамасында тағы бірнеше дәлелдеме оқып берді. «Айымбетов Бұхарбаевқа Нұр-Сұлтанға 50 мың теңгеге, Шым­кентке 21 мың теңгеге билет сатып алған. 2019 жылдың желтоқсан айын­да ол 80 мың теңгеге сағат, 320 мың теңгеге iPhone телефонын сатып алған. 2020 жылдың сәуір айында үйге әрқайсысы 31 мың теңгеден екі шыр­ша, 159 мың теңгеге әртүрлі заттар сатып алған. 2020 жылдың мамыр айында 193 мың теңгеге иіс су алып берсе, маусым айында 242 мың тең­генің киімін төлеген. Қазан айын­да 1 миллион теңгеден асатын жи­һаз­дың қаржысын төлеген», – деп атап өтті прокурор.
Полиция полковнигі Мұхтар Бұхарбаев сот үкімімен ҚР ҚК-нің 362-бабы «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеге қамалды. Сонымен қатар жергілікті полиция басқармасының бұрынғы басшысы өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім әлі заң­ды күшіне енген жоқ және тараптар оған шағымдануға құқылы. Құқық қорғау органдарындағы мұндай жүйесіздіктер тәрбие жұмы­сының ақсап жатқанын айғақтап-ақ тұр. Ал жұрттың полицей десе, жиы­рылып қалатыны осындайлардың ке­сірінен болса керек. Қарап отыр­саңыз, мұндай тойымсыз полицейден ұлт намысын ойлайтын бұзақы абыройлы болып тұрған сияқты...

Шымкент қаласы