Алматы облысы Талғар ауданында тұрғындар жолды жапты. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кеткені себеп болды. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 19 қыркүйекте болған.
«Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – деп жазылған хабарламада.Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталды. Жаңалық ауылы тұрғындарының айтуынша, кісі өліміне алып келген жол апаты бұған дейін де болған. 17 тамызда Тереңқара ауылында 3 баланың анасын көлік қағып кеткен. Сол кезде де тұрғындар түн ортасында жолды жауып, қауіпсіздікті күшейтуді, атап айтқанда жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруды талап етті. Алайда ауыл әкімі жолдың облысқа қарайтынын айтқан. Сондықтан аудан өз бетінше белгілер қоюға немесе жарықтандыруға құқылы емес екенін, оны облыс шешетінін жеткізген.