Қостанай облысында рульге ие бола алмаған ер адам қаза тапты
Қостанай облысында рульге ие бола алмаған ер адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz
Қостанай облысында бүгін сағат 07.40-та жол апаты болды. Polisia.kz-тің мәліметінше, Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолында ВАЗ-2107 автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Салдарынан 42 жастағы жүргізушінің Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін жол апатынан екі мұғалім көз жұмғанын жазған болатынбыз.