«Зекет және қайырымдылық» қоры «Қазақстан халқына» 23 миллион теңге аударды
«Зекет және қайырымдылық» қоры «Қазақстан халқына» 23 миллион теңге аударды
Фото: ҚМДБ баспасөз хатшысының Facebook парақшасынан алынды
419
оқылды
Мүфтияттың «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясы бойынша бірнеше күнде жиналған 23 003 415 теңгені «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына ресми түрде табыстады. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Facebook парақшасында жазды.   қор Қаражатты қор директоры Болат Жәмішев қабылдап алды.