Үйден балкон арқылы шығып кеткен 3 жасар бала табылды
Үйден балкон арқылы шығып кеткен 3 жасар бала табылды
Фото: polisia.kz
Ақтөбеде 3 жасар бала балкон арқылы үйден шығып кеткен. Polisia.kz-тің дерегінше, кеше сағат 14.00-де Сәтпаев көшесінің тұрғыны 3 жасар ұлы жоғалғанын айтып, полицейлерден көмек сұраған. Әйел дүкенге барып келгенше, бала балкон арқылы көшеге шығып кеткен. Патрульдік полиция батальонының жасағы 20 минутта баланы Сәтпаев көшесі мен Сәңкібай батыр көшесінің қиылысынан тапты. Анасы ұлымен аман-есен қауышты. Анасы жедел әрекет еткені үшін полицейлерге алғыс айтты.