Көп ұзамай үйді жарып жібереміз: Павлодарда полиция желіде тараған хабарламаға түсініктеме берді
Көп ұзамай үйді жарып жібереміз: Павлодарда полиция желіде тараған хабарламаға түсініктеме берді
© liter.kz
2,273
оқылды
Павлодар облысы полицейлері жарылғыш құрылғы салынғаны туралы дауыстық хабарламаны анықтады,  –деп хабарлады polisia.kz. «Алло, алло, мені естисіз бе? Көп ұзамай Катаев көшесіндегі 21-үйді үйді жарып жібереміз» делінген дыбыс хабарламасында. Осыған байланысты Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров түсінік берді. Оның айтуынша, аталған мекенжайдағы тұрғындар шұғыл эвакуацияланып, полицейлер ғимаратты түгел тексеріп шыққан. Ештеңе табылмады. Қылмыстық кодекстің 203-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқықбұзушылық болып табылатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, оған қоса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланатынын еске салады.