Тоқаевтың БҰҰ-да сөз сөйлеуі мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді сыртқы саясаттың көрінісі - Бауыржан Серікбаев
Тоқаевтың БҰҰ-да сөз сөйлеуі мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді сыртқы саясаттың көрінісі - Бауыржан Серікбаев
252
оқылды
Қазақстан тәуелсіздік жылдары барлық шекарасын көршілерімен бекітіп үлгерген бірден бір ел. Бұл тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың бір кепілі. Желі қолданушысы Бауыржан Серікбаев осындай пікір айтты. 
Айтынша, Президент Нью-Иоркте 400-ден астам әлемнің жетекші IT компанияларында жұмыс істеп жатқан Отандастарымызды біріктіретін Digital IT Nomads қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Әлемнің даму болашағы IT саласында. Қарапайым қолымыздағы смартфондардан бастап планшет, ноутбук, компьютер, ракета, спутник, марсоходтар мен 4G, 5G технологияларының дамуына дейін IT саласына байланысты. Әлемде ең жалақысы жоғары мамандық та осы сала.
"Соңғы уақыттарда геосаяси жағдай турбулентті кезеңнен өтіп жатыр. Қырғыз бен тәжік арасындағы шекара дауы, Қарақалпақ жеріндегі ушыққан мәселелер, ұзаққа созылатын соғыс, санкциялар әсеріндегі халықаралық экономиканың жағдайы асқынып тұр. Қазақстанға Қытай басшысының пандемия басталғалы шетелге жасаған бірінші сапары, әлемдік дәстүрлі діндердің съезі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Самарқандта өткен кездесуге қатысуы, бүгін міне Нью-Иорк қаласында БҰҰ-да сөз сөйлеуі осының бәрі мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді сыртқы саясаттың көріністері. Қазақстан тәуелсіздік жылдары барлық шекарасын көршілерімен делимитация жасап үлгерген бірден бір ел. Бұл да тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың бір кепілі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.