Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті
Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті
343
оқылды
Қайғылы жағдай 18 қыркүйек күні Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында болған.
Мәлім болғанындай, екі жасар қызды DAF маркілі көлігі басып қалған. Көліктің жер үйлердің бірінің ауласына жөндеуге қойылғаны белгілі болды.
Кербұлақ аудандық полициясы аталған жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізді. Тергеу ҚР ҚК-нің 141-бабы, 2-бөлігі (Баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін талапқа сай атқармаған) бойынша жүргізліп жатыр.