Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мансабын аяқтады
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мансабын аяқтады
393
оқылды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 27 жасында спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы ҚР МСҚК Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтап, бапкерлікке бет бұрмақ. Алматы тумасы Кореяның Инчхон қаласында өткен 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласындағы 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы.