Оралда ер адам досын ұрып өлтірді
Оралда ер адам досын ұрып өлтірді
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
231
оқылды
Қайғылы оқиға Оралда болған. Екі ер адам өзара жанжалдасып, төбелескен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23.25-те болды.
«Гастелло көшесінде орналасқан үйде екі ер адам ішімдік ішкен. Отырыс барысында жанжал туындап, 1985 жылғы ер адам қолына үшкір зат алып, өзінен бір жас үлкен досын жаралаған. Соның салдарынан 1984 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицейлер.
Бұған дейін Оралда есірткі шегіп алған көлік жүргізушісі 3 оқушыны қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.