Кеше 08:57 сағатта Атырау қаласы Кеңөзек ауылы Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс өртенді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД хабарлады.
Жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіре алмады. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің (20 қызметкер мен 2 бірлік техника) және "Ақ Жайық" МТР (5 жұмысшы және 2 техника) күштері өртті бақылауда.