«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қар жауады деп күтіледі, оңтүстікте жауын- шашын жауады, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Ал Батыс Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады деп күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.