Орман өртеніп, кейінге шегерілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қашан өтеді?

Орман өртеніп, кейінге шегерілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қашан өтеді?

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман өртеніп, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кейінге шегерілген болатын. Бұл туралы ұйымдастыру алқасы хабарлады. «Биыл 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген еді. Өрттен кейін қалыпты тіршілікке оралған Қостанай облысында ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні атап өтіледі. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылында өтеді. Жоспар бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасау, музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған» делінген ресми хабараламада. Бұған дейін Біріккен Араб Әмірлігі Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар аударғанын жазған болатынбыз.