Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды
© Сурет ғаламтордан
186
оқылды
Еліміздің үш облысында 2-3 ақпаннан бастап дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, боран, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Маңғыстау облысында тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м / с. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Барлық облыстарда дауыл ықтималдығы 90-95%