Қазақстанда алдағы үш күнде 34 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда алдағы үш күнде  34 градусқа дейін ысиды
фото: freepik.com
1,130
оқылды
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, жылы қоңыр күз Қазақстан тұрғындарын әлі де қуантады. Еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады, тек республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі және жел күшейеді.
"Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады және тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының аздаған төмендеуі болжанады", - делінген хабарламада.