Доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады
198
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,73 теңге болды. Ұлттық банктің 21 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,26 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 479 теңгеден болса, сатып алу – 482,5. Ресей рублі 7,05 - 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.