«Жарылғыш зат қойылды»: Павлодарда 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды
«Жарылғыш зат қойылды»: Павлодарда 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды
535
оқылды
Павлодар мектептерінің бірінде 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, ТЖД пультіне 21 қыркүйек күні сағат 11:59-да Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
«Барлық күштер мен құралдар бағытталды. Бірінші ауысымда 1048 оқушы және 88 педагог пен персонал эвакуацияланды. Жедел іс-шаралар сағат 13:35-те аяқталды», - деді білім беру бөлімінде.
Жедел уәкілдер Павлодар облысында соттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген хаттың авторын анықтады. Ол кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды. Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.