2016-2017 жылдары халықтың жүрегін жаулаған «Жетім жүрек» хикаясының биыл жалғасы шықты. Талас пен тартысқа толы телехикаяның жалғасы 12 қыркүйектен бастап күнделікті кешкі сағат 21:55-те «АSTANA» арнасынан тамашалай аласыздар. Бұл маусым бұрынғы маусымнан өзгерек болмақ. Жаңа бейнелер, жаңа оқиғалар мен жаңа есімдер. Десе де, өткен маусымда көптің есінде қалған кейіпкерлер де тасада қалмайды. Мейірімділігі, тәрбиелігі және даналығымен жадымызда жатталып қалған Гүли (Деволина Бхаттачарджи), тәртіпті бәрінен биік қоятын Кокила (Rupal Patel), сезіміне берік Ахем де (Mohammad Nazim) бұл маусымда. Жаңа есімдерден: Гехна (Sneha Jain), Анант (Harsh Nagar), Радхика (Krutika Desai) және тағы да басқа танымал әртістер қатарға қосылмақ. Алғашқы маусымда ана мейірімін көрмеген Гүли атты қыздың тағдыры талқыға салынған еді. Қатал енесінің орнатқан тәртібіне көнген Гүлидің сағы сынбай, рухы мықты әйелге айналғанын көрдік. Осы жолы – Гехна есімді қыздың тағдыры жайында. Ақкөңіл, аңқау қыздың өміріндегі сан-қилы оқиғалардың куәсі боласыздар. Оның абысындарының көрсеткен қорлығына Гехна шыдай ала ма, олармен тіл табысуы мүмкін бе? Осы сұрақтардың жауабын телехикаяны жібермей көрсеңіз, Гехнаның өміріне куә бола аласыздар. https://youtu.be/7nw6hPbcJug