Алматы облысында 11 жасар қыз өзіне қол жұмсады
Алматы облысында 11 жасар қыз өзіне қол жұмсады
© liter.kz
4,543
оқылды
Алматы облысының Полиция департаменті 16 қыркүйек күні Талғар аудандық ПБ-ға Гүлдала кентінде жас қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлайды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық ПБ-да тіркелді.
"Тергеу барысында 11 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды", – делінген хабарламада.
Тексеру жалғасуда.
Экспресс К жазуынша, 2011 жылы туған Рамина Ирзахунова өз үйінде өлі табылды. №21 мектеп директоры Қуаныш Айтбаевтың айтуынша, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен екен, ал марқұм нағашы апасы мен ағасының қолында тұрыпты. Өз-өзіне қол салған оқушының мәйітін нағашы ағасы тауып, полиция шақыртқан. Тергеушілер қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал мектеп директоры қыздың өліміне Telegram арнасындағы күдікті топтың ықпалы болды ма деп күдіктенеді.
"Біздің түсінгеніміз қыз Telegram-дағы жасырын танысу парақшаларында отырған. Ондағы нөмірлер Ресей, Беларусь елдеріне тиесілі. Бірақ не болғанын әлі білмейміз. Жауабы айтылмады. Полицейлер жіті тексеріп, анықтайтын шығар деп отырмыз", – деді мектеп директоры Қуаныш Айтбаев.