Алматыда Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды – видео
Алматыда Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
1,467
оқылды
Алматыда ер адам қару-жарақ сатпақ болған кезде ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, ер адам Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған. Мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты.
«Күдікпен 42 жастағы А. есімді ер адам ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі істеген деп ойлаймыз. Қазір ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қарудың қайдан алынғаны және кімдікі екенін анықтаймыз», – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.
  https://youtu.be/1QGkrWeES5g Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару моладан табылғанын жазған болатынбыз.