Петропавлда көпқабатты үй өртенді
Петропавлда көпқабатты үй өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды
Петропавлда көпқабатты үй өртенді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше Петропавлдағы Абай көшесі, 69 мекенжайында болған. Сағат 12.15 минут кеткенде ведомствоның жедел басқару орталығына 4 қабатты үйдің жертөлесінде өрт шыққаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына бірден үш өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкері және жедел құтқару жасағы аттанды. Мамандар өрттің жертөледегі 8 шаршы метрлік бөлмеден шыққанын анықтаған. Күш алған жалын вентиляциялық шахтамен сол үйге жапсарлас салынған «Орбита» дүкеніне жайылған, қабырғалары мен едені жана бастаған екен.    width= Құтқарушылар алдымен үйден 68 адамды, соның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Жалынмен күреске 9 техника мен 25 маман жұмылдырылды. Өртті тек 4 сағаттан кейін толық сөндірді. Өрттің себебін мамандар анықтайды.