9 жасына дейін сөйлемеген бала Димаштың әнін тыңдап, сөйлеп кеткен
9 жасына дейін сөйлемеген бала Димаштың әнін тыңдап, сөйлеп кеткен
2,848
оқылды
Димаштың әнін тыңдап, 9 жасына дейін сөйлемей жүрген шетелдік ұлдың тілі шыққанын БАҚ жарыса жазып жатыр. Белгілі журналист Қарагөз Смаділ де бұл туралы парақшасында жариялады. "Ал әшейінде көп айтатын қонақжайлығымызды бір көрсетейік, алматылықтар. 23 қыркүйектегі Димаштың концертіне анасымен бірге 10 жастағы Габриель де келе жатыр. Габриель – ерекше бала. Оған аутизм диагнозы қойылғандықтан, 9 жасына дейін дұрыс сөйлей алмаған екен. Бір жыл бұрын интернеттен Димаштың әндерін тыңдай бастаған ол әуезді әндерді нақышына келтіріп айтып, сөйлеу мәнері жақсарыпты", – деген ол.  Кездескен кезде баласының осы жағдайын Нэнси қазақ әншісіне тебіреніп жеткізгенде Димаш Габриельге ерекше мейірленіп, үстіндегі костюмін сыйға тартқан еді. Сол 10 жастағы Габриельдің тағы бір мінезі көп адамға жуымайды, әсіресе басынан сипатпайды екен. Тіптен сол үшін шаштаразға да бармай, шашын ұзын етіп өсіріпті.
"Сөйте тұра Димашты көргенде өзі бірінші құшақтап, басынан сипатқан. АҚШ-тағы қазақ қызы Альмира Ерболат та Габриельді көргенде амандасып, қазақы жөн-жосықпен басынан сипаған екен, оған да бала қарсы болмапты. Бұған Габриельдің анасы Нэнси таңғалып, Альмираға: «Жарайды, ұлым Димашты пір тұтып, жақсы көреді. Сол үшін де оған ештеңе демеуі мүмкін еді. Бірақ өмірінде бірінші рет көріп тұрған сізді жақын тартқанына таңдандым. Содан кейін маған қазақтардың киесі бар сияқты көрінді. Бұл жерде расында да бір тылсым күштің бары анық. Сондықтан 23 қыркүйек күні Алматыда өтетін Димаштың концертіне баламды алып барамын деп шештім. Оған қазақтың жерін көрсеткім келді», – деп отыр екен"  делінген журналистің жазбасында.
Оның дерегінше, АҚШ-тағы қазақ қызы Альмираның байланыс номері менде бар, ағылшын тілін білмесеңіздер, оның Алматыда қазақша-ағылшынша байланыстыратын танысы бар екен. Габриель анасымен қазір Алматыда, 26 қыркүйекке дейін Алматыда болады.
Атасы-әжесі бар отбасы, жалпы ерекше баланың жай-күйімен таныс отбасы қазақтың қонақжайлығын көрсетіп, бірер сағатқа қонақ етсе, тіптен тамаша болар еді", – деп ұсыныс айтады Қарагөз Смаділ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KazUnite (@kazunitecom)