Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Оған Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Джайлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Т.Телебаев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан К.Ахметжанова, №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері К.Сүйесінова, Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Ф.Қойшығұлова, «Ясин» емханасының дәрігері А.Көптілеуова қатысты. Қабылдауға жалпы саны 12 адам жазылды. Қатысушылар негізінен материалдық көмек көрсетуді және дәрі-дәрмекпен жәрдемдесуді сұрады. Мәселен, Қ.Қайыпназарова мен Ж.Бердібаева балаларының денсаулық жағдайына байланысты оларға квота беруін талап етті. Бұл мәселелер бойынша азаматша Қ.Қайыпназарованың мәселесі оң шешімін тауып, квота берілетін болды. Ал Ж.Бердібаева материалдық көмек алу үшін 28 ақпанда өтетін Nur Otan партиясы облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі А.Кетебаевтың қабылдауына жазылды. Көмекке зәру тұрғындардың бірі М.Сақтағанова ұлына ауыр диагноз қойылғанын, ол бүгінде жансақтау бөлімінде жасанды жолмен тыныс алып жатқанын айтты. Азамат ұлын Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларына апарып ота жасатуға көмек сұрады. Бұл мәселе бойынша М.Джайлыбаев пен Т.Телебаев Маңғыстау облыстық ауруханасына барып, нәрестеге қажетті көмектің көрсетілуін қамтамасыз ететінін айтты. Өз кезегінде Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Қияшова 2011 жылы туған баласы Әлімжан Дамирге көмек қажет екенін жеткізді. Ұлының диагнозы «Ювенилді идиопатиялық артрит» болғандықтан, дәрі-дәрмегіне ауқымды қаражат керек. Айына алатын бір екпесінің өзі 1 миллион 200 мыңды құрайды. Сирек кездесетін ауру болғандықтан, емге қажетті екпелер тегін дәрілер қатарына жатпайды. Осы мәселе бойынша былтыр облыс әкімінің көмегімен 1 айға екпесі алынған. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері тағайындаған жаңа екпеге 3 миллион теңге қажет. Азаматтың мәселесі ерекше бақылауға алынатын болды. Іс-шара соңында қабылдауға келген азаматтардың барлығына жауап беріліп, тұрғындардың мәселесі шешілгенше олар партияның ерекше бақылауында болатыны айтылды. Абылайхан ЖҰМАШ