Ерекше жандарға күтім жасалмаған
Ерекше жандарға күтім жасалмаған
162
оқылды
Nur Otan партиясы Аты­рау облыстық филиалы «Ке­дергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық орындарда жасалған жағ­дай­лардың жай-күйін білу мақ­сатында арнайы рейд жүр­гізді. Іс-шараға қоғам бел­­сенділері Гүлназ Қосмұр­зиева және Есболат Балбаев та белсенді түрде ат­салыс­ты. Рейд кезінде «Береке» ық­шамауданында жақында ғана қолданысқа берілген тұрғын үй кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи көтеру, тасымалдау құрылғылары тексерілді. Алайда толық іске қо­сылмағаны анықталды. Құ­рылғы жұмыс істеуі үшін қуат кө­зіне қосылуы қажет екен. Сон­дай-ақ қолдану нұсқаулығы қойыл­мағаны да белгілі болды. Бұл үлкен қиындықтар туғызатыны анық. Теміржол вокзалы мен авто­вокзалдағы жағдай да мәз емес. Теміржол вокзалында ерекше жандарға арналған билет сату кассасы жұмыс істеп тұрған жоқ. Екінші қабатқа және перронға өту үшін сырт жақ бетте пандус қойылған. Бірінші қабаттағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс бөл­месі жоғары деңгейде жасақ­тал­ғанымен, екінші қа­бат­тағы демалыс бөлмесі стандартқа сай емес, ішінде арбамен қозғалу мүмкіндігі жоқ. Ал автовокзал алдындағы пандус қозғалуға ыңғайсыздық туғызатыны айтылды. Дамбы елді мекенінде орна­ласқан амбулаториялық емха­наның пандусы арбамен қозғалуға ыңғайсыз. Сонымен қатар емхана ішіне ерекше жандарға арналған дәретхана орнатылмағаны да тексеріс кезінде анықталып, ескерту жасалды. Аталған іс-шара алдағы уа­қытта да жүйелі түрде жү­зеге асырылады. Рейд қорытын­ды­сында байқалған олқылықтар партиялық жоба аясында ше­шімін таппақ.   Әбілмансұр ЖАСАН