Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,43 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 29 теңге. Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 73 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 481,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 485,5 теңге. Ресей рублі 7,45-7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.