Төтенше жағдай кезіндегі ерлігі үшін бір топ өрт сөндіруші марапатталды
Төтенше жағдай кезіндегі ерлігі үшін бір топ өрт сөндіруші марапатталды
© akorda.kz
265
оқылды
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №1020 Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін 20 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Ақорданың мәліметінше, «Ерлігі үшін» медалімен: 1. Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 2. Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі; 3. Әкім Алдияр Ермекұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі; 4. Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 5. Базаров Ержан Оралханұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі; 6. Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 7. Бауэр Алексей Александрович – волонтер; 8. Боромбаев Айдос Сағынайұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі; 9. Ержанов Айбек Ахметбекұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуекемесінің командирі; 10. Жапаров Самат Таласпайұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 11. Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі; 12. Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты; 13. Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі; 14. Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы; 15. Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер; 16. Төлеухан Әнуар Жанатұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 17. Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі; 18. Хасенов Мұрат Қалиханұлы – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы; 19. Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 20. Щурихин Максим Сергеевич – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.