Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
305
оқылды
Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыс бағыттан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Алматы қаласында күндіз найзағай ойнайды. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жел соғады. Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысының шығыс жартасында төтенші өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жел соғады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Павлодар облысының орталығында, Павлодар қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.