Шымкентте келіншегін ұрып-соғып көлікке отырғызған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте келіншегін ұрып-соғып көлікке отырғызған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
1,126
оқылды
Шымкентте әйелін көлікке ұрып отырғызған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде түнгі 01:53 шамасында белгісіз адамдар бойжеткінді көлікке ұрып отырғызып, алып кеткендігі туралы ақпарат тарады. Тіпті, бұл көрініс видеоғада түсіп қалған. Жазба авторы оқиғаның Шымкент қаласында орын алғандығын айтты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал екендігін анықтаған.
«Оқиға бойынша ешқандай адам ұрлау фактісі 102 арнасына түспеген және ерлі-зайыптылар тарапынан арыз-шағымдар болмаған. Азаматтарға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, отбасылық жанжал бойынша қорғау нұсқамасы шығарылды»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.