Қазақстан әлем чемпионатын өткізе ме?
Қазақстан әлем чемпионатын өткізе ме?
Халықаралық хоккей федерациясының (ИИХФ) президенті Люк Тардиф Қазақстанға ресми сапарында Алматы мен Астана қалаларының Әлем чемпионатын қабылдауға өтінім беретініне қатысты пікірін айтты.
«Сапар Қазақстан 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруге бел буған сәтпен тұспа-тұс келді. Ел басшылығы мұндай ауқымды халықаралық турнирді өткізуге қызығушылық пен құлшыныс танытты. Алматы мен Астана – ИИХФ-ның үлкен қауымын қабылдауға дайын, жоғары санатты мұз кешендері бар қарқынды дамып келе жатқан қос қала», – дейді Люк Тардиф.
Сонымен бірге ол Цюрихтегі кеңсежайына Қазақстан хоккейінің болашағына алаңдамастан аттанатынын айтты.