23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: michurinsk.ru
288
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бойынша ескерту жарияланды.