Шеберлік жаттығуда шындалады
Шеберлік жаттығуда шындалады
556
оқылды
44841 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті бақылау тексерісін тапсырды. Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты. Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар. Солардың бірі  95 ұпай жинаған сержант Ибрашев Алмат. Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды. Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 44841 әскери бөлімінің командирі подполковник Умитали Бектаев өзі бақылады.
– Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген бөлім командир.
 

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы, лейтенант Думан Жұмашұлы