Павлодар мектептерінің бірінде бұрыш баллоны шашылған соң 15 оқушы ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір балалар ауруханадан шығарылған.
«23 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында №33 орта мектебінде белгісіз біреулер бұрыш баллонын шашқан соң 4а және 4б-сыныптарының оқушылары ауруханаға түскен. Ғимаратта болған қалған 672 оқушы дер кезінде сыртқа шығарылған. Ауыр жағдайға түскен балалар болған жоқ, оқушыларды педиатрлар қарап шықты. Екі балаға орташа ауырлықтағы улану диагнозы қойылды, ауруханаға жатқызу ұсынылды, ем тағайындалды, система қойылды. Дегенмен жағдайлары жақсы болған соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты», – деді басқарма өкілдері.Кей балада жеңіл дәрежеде улану белгілері байқалса, енді бірінде еш белгі болмаған. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, полиция қызметкерлері және Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімі жұмыс істеп жатыр.