«Халыққа көмек» жобасы Қостанайға жетті
«Халыққа көмек» жобасы Қостанайға жетті
262
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық мәслихат депутаттары және жеке кәсіпкерлер Қостанайда табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткен. Олар жергілікті тұрғындарға қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек пен төсек жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Оның бәріне 5 млн 444 мың теңге жұмсалды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдары жексенбіде гуманитарлық көмек қабылдау бекеттерін ашты. Оған қоса, аманаттық волонтерлер, "Жастар рухы" Жастар қанатының мүшелері Қостанай облысындағы жермен-жексен болған ауылдарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. Өзге партиялар да барынша көмек көрсетіп, гуманитарлық көмек жолдаудың қамын жасауда. көмек Апаттың бастапқы күндері Озерное ауылынан 250 адам, ең ауыр зардап шеккен Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1000 адам, Калинин ауылынан 228 адам және Лесное ауылынан 363 адам, жалпы саны 1 841 адам эвакуацияланды. Жергілікті әкімдіктер баспанасыз қалған халықты Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. Оларға сыймағандар туысқандарын жағалап кеткен. Ал Новонеженка ауылында әскерилер зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тігілді. Қостанайлықтарға қоғамдық ұйымдар да көмектеседі. Қазақстанның барлық өңірлерінде қайырымдылық қаражат жинау басталды. Halyk Bank өртеніп кеткен үйлердің қожайындарында өзінен алған кредиті болса, оны есептен шығаруға шешім қабылдады.